14 Окт 2025, Вт

«ҚАЛАМҒА ҚОНҒАН ҚҰТ»: ҒАЛЫМЖАН ЕЛШІБАЙДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

Түркістанда белгілі журналист, ақын және қоғам қайраткері Ғалымжан Елшібайдың 50 жылдық мерейтойына арналған «Қаламға қонған құт» атты шығармашылық кеш өтті. Мерекелік шараға ел руханиятының көрнекті өкілдері, қаламгерлер мен өнер иелері қатысты. Кеш аясында ақынның шығармашылығы кеңінен насихатталып, оның журналистика мен әдебиеттегі еңбегі жоғары бағаланды.