Сырлы сөзбен жүрекке жол салған ақын — Сайлаухан Жоланов. Ол – тек жырдың ғана емес, ән мен ойдың иесі. Жаңақорған жерінде дүниеге келіп, бүгінде Сауран ауданында тұратын ақын ел руханиятына өзіндік үлесін қосып жүр. Оның жырлары мен әндері оқырман мен тыңдарман көңілінен орын тапқан.