27 Июн 2025, Пт

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ҚОЛДАУМЕН БАСТАЛҒАН ІС

Мақтаарал ауданында мүгедектігі бар жандардың кәсіп бастауына мемлекет тарапынан қолдау күшейіп келеді. Бұл ретте аудандық мансап орталығы арқылы ұсынылатын қайтарымсыз гранттар мен бағыт-бағдар беру қызметінің берері мол. Осындай мүмкіндікке ие болып, жеке кәсібін ашқан азаматтың бірі – Асылбек Ташимов. Асылбек Бектұрғанұлы – Мақтаарал ауданындағы іскер азаматтардың бірі. Ол аудандық мансап орталығының бағыттауымен кәсіпкерлік негіздері курсын аяқтап, 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз грантқа ие болған. Бұл қаражатты ол өз бетінше нәпақа табуға бағыттап, дөңгелек жөндейтін қызмет орнын ашқан.