18 Авг 2025, Пн

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ ТАБЫСҚА БАСТАЙДЫ

Сарыағаш ауданында мүгедектігі бар азаматтарды кәсіби тұрғыда қолдаудың нақты үлгісі қалыптасқан. Солардың бірі – Ырыскүл Маратова. Ол кондитерлік салада кәсіп ашып, нан өнімдерін дайындаумен айналысады және жақында қайтарымсыз грант ұтып алды. Бұл қадам тек жеке өмірін жақсарту емес, қоғамға бейімделу және өз қабілетін толық іске асыру жолында маңызды бастама болып отыр.