
Қазығұрт ауданында жұмыссыз азаматтарды қолдауға бағытталған Мансап орталығының қызметі қарқынды жүруде. Әсіресе, мүгедектігі бар жандарға арналған түрлі бағыттағы қолдау тетіктері — жұмысқа орналасу, әлеуметтік бейімделу, мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсібін ашу секілді мүмкіндіктер молынан қарастырылған. Орталықтың басты мақсаты – әр азаматтың қоғамнан өз орнын тауып, өмірге бейімделуіне жағдай жасау.