Жамбыл облысы — тарихи ескерткіштерге, археологиялық олжалар мен көне артефактілерге бай өңір. Солардың бірі — Тараз қаласынан 70 шақырым жерде, Қаратау жотасының бөктерінде орналасқан Бүйрекбастау-бұлақ тұрақ орны. Археологтардың айтуынша, бұл жерден ұзынша келген тас пышақтар мен қырғыштар, сондай-ақ алғашқы адамдардың от жағу орындарының іздері табылған. Толығырақ алдағы сюжетте.
ҚАЗАҚСТАН–ЖАПОНИЯ АРХЕОЛОГТАРЫ ТАРАЗ МАҢЫНАН ПАЛЕОЛИТ ДӘУІРІНЕ ЖАТАТЫН ТҰРАҚ ТАПТЫ
