13 Окт 2025, Пн

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІГІНДЕ ЖЕР СІЛКІНІСІ ТІРКЕЛДІ

Кеше түнде Қазақстанның оңтүстік аймақтарының тұрғындарын жер асты дүмпулері оятты. Астана уақытымен 01:29-да Қазақстан Республикасы Төтенше Жағдайлар Министрлігі «Ұлттық Ғылыми Сейсмикалық Байқау Орталығы» станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. Эпицентр Қырғызстан аумағында – Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 465 шақырым жерде, 10 шақырым тереңдікте орналасқан.