19 Май 2025, Пн

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІТІМГЕРЛЕРДІҢ ОТБАСЫЛАРЫ ОТБАСЫ КҮНІН САҒЫНЫШПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

15 мамыр – Қазақстанда Отбасы күні. Бұл күн отбасы құндылықтарының маңыздылығын айшықтап, мейірім мен махаббатқа, татулық пен берекеге үндейді. Алайда дәл осы күні кейбір отбасылар үшін үйдің отағасы жандарында болмай, мереке сағынышпен өтуде. Себебі олардың жақындары қазіргі таңда шетелде – Голан жоталарында бітімгерлік миссия атқарып жүр. Қазақстандық бітімгерлік контингент құрамында 139 әскери қызметші бар. Оның ішінде еліміздегі жалғыз таулы-егерлік полктың да тоғыз сарбазы бар. Бұл әскери бөлім «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарайды.