Жер бетінде ең асыл сый – өз аяғымен жүріп, еркін қозғалу десек, бұл мүмкіндіктен айырылған жандар үшін ол арманға айналған шындық. Дегенмен, бүгінде заманауи технология мен жанашыр жүректердің арқасында сол арман үмітке, ал үміт шындыққа айналып отыр. Түркістан облысының Сауран ауданындағы Оңалту орталығында орнатылған заманауи локомат құрылғысы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға дәл осындай мүмкіндік сыйлап отыр.