Дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Астана қаласындағы Ұлттық медицина орталығының мамандары Қызылорданың ақ халаттыларына аутоиммундық, қабыну ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін паш етті. Жоғарғы санаттағы дәрігерлердің кеңесін тыңдауға тек қаладан емес аудан-ауылдардан медицина саласының қызметкерлері келді.