Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында «Елтану» мәдени-ағартушылық жобасы аясында этнос өкілдері арасында қазақтың эпостық жырларын жатқа айтудан «Бабалар үні» байқауы өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай өткен байқау этнос өкілдері арасында қазақтың ауыз әдебиеті мен ұлттық өнерін, мемлекеттік тілді насихаттау, талантты эпос жырын орындаушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.