Қоғам дамыған сайын электр энергиясына деген қажеттілік те арта түсті. Бүгінде электр қуатынсыз бір күнді елестету мүмкін емес: өндіріс орындары, мектептер мен ауруханалар – бәрі де электр құрылғыларын пайдаланады. Осы энергожүйенің үзіліссіз жұмысын қамтамасыз ететін мамандардың бірі – электр құралдарын жөндеушілер. Олар қыстың қақаған аязына да, жаздың аптап ыстығына да қарамастан, халықты үздіксіз жарықпен қамтамасыз ету үшін тынымсыз еңбек етеді.