22 Май 2025, Чт

ЭКСПРЕСС-ГИСТОЛОГИЯ БОЙЫНША ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ – ОНКОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ЗАМАНАУИ СТАНДАРТЫНА БАСТАР ЖОЛ

Жамбыл облыстық онкология және хирургия көпбейінді орталығында онкологиялық көмектің сапасын арттыру бағытында маңызды қадам жасалды. Орталық директоры Жандос Сейдахметовтің бастамасымен заманауи әрі тиімді диагностикалық әдіс – экспресс-гистологияны клиникалық тәжірибеге енгізу жұмыстары қолға алынды.