22 Авг 2025, Пт

«ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР»

Қарт Қаратаудың етегі Қарнақтағы «Үргер» жазғы сауықтыру лагерінде «Ынтымағы жарасқан жастар» тақырыбында Кентау қаласы мен Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен маңызды кездесу өтті. Шараның негізгі мақсаты – ұлт бірлігі мен қоғамдық келісімді насихаттау, жастар арасында достық пен татулықты нығайту.