Бүгін Тараз қаласында жас ұрпақты біріктіріп, ұлттың ұлы тұлғасына деген құрметті айшықтаған маңызды спорттық шара өтті. «Дельфин» бассейнінде №4 облыстық мамандандырылған спорт мектебінің заманауи көпсайыс бойынша біріншілігі басталды. Жарыстар Triathle және Biathle түрлерінде өтіп жатыр. Бұл дода Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы Шәкен Ниязбековтың жарқын есіміне арналды.

