Жамбыл облысында жедел жәрдем, өрт сөндіру көліктеріне жол бермеу мәселесі әлі де өзекті. Жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін елемей, шұғыл шақыруға асыққан мамандарға кедергі келтіруде. Бұл көмектің дер кезінде жетпеуіне қауіп төндіреді. Осыған байланысты, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасы Полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, «Маячок» атты профилактикалық рейд өткізді.
ШҰҒЫЛ ҚЫЗМЕТ КӨЛІКТЕРІНЕ ЖОЛ БЕРМЕГЕН ЖҮРГІЗУШІ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛАДЫ
