7 Сен 2025, Вс

ШУ ҚАЛАСЫНЫҢ 2025 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР–ТАМЫЗ АЙЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛЫ

Шу қаласының ағымдағы жылға бюджеті 1 млрд 271 млн. 916 мың теңгені құрады. Ал оның ішінде өзіндік кіріс — 972 млн. 182 мың теңге, аудандық бюджеттен — 299 млн. 734 мың теңге бөлінді. Алдағы бюджетті нақтылау барысында қосымша қаржы қарастыру жоспарлануда. Қазына қоры, қаланың өзекті мәселелері және де 2025 жылдың қаңтар–тамыз айларындағы Шу қаласының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші бүгін баспасөз алаңында мәлім болды.