Түркістан қаласында белгілі журналист, шахмат жанашыры Жарылқасын Саменұлын еске алу турнирі өтті. Оны Қазақстан шахмат федерациясының өңірлік директоры Саян Жарылқасынұлы ұйымдастырды. Шараға облыстық спорт басқармасының өкілдері, ағайын-туыстары мен жас спортшылар қатысты.