Түркістан облысында өңдеу өнеркәсібі қарқынды дамып келеді. Аймақ басшысы Нұралхан Көшеров Шардара ауданындағы индустриалды аймақта салынып жатқан «Казкрахмал» ЖШС жүгері өңдеу зауытының құрылысымен танысты. Ауқымды жоба іске қосылғанда 550 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланған.