7 Авг 2025, Чт

ШАРДАРАДАҒЫ СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА

Түркістан облысының Шардара ауданында ауыз сумен қамту мәселесі жіті бақылауға алынды. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров ауданға арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Қазіргі таңда Шардара қаласы мен оған қарасты елді мекендерде ауыз су тапшылығының алдын алу бағытында кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр.