Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 2024–2025 оқу жылын қорытындылады. Оқу орны білім, ғылым және халықаралық ынтымақтастық бағыттарында айтарлықтай жетістіктерге жетті. Бұл туралы университет ректоры Жанар Тәңірбергенова ұжым мен қоғам алдында өткен есеп беру жиналысында баяндады. Шараға Түркістан облысының құрметті азаматтары, қоғам қайраткерлері, депутаттар мен студенттер қатысты.