Жамбыл облысының БАҚ өкілдері үшін Рысқұлов ауданы бойынша баспасөз туры ұйымдастырылды. Журналистер бірқатар жерлерді аралап ондағы жұмыс барысымен танысты. Аталған нысандардың ішінде жергілікті кәсіпкер Азамат Сәметқұлдың бизнесі де болды. Ол жүк тасымалдауға арналған тіркемені өзі құрастырған. Ал екінші нысан – сауықтыру тек дәстүрлі табиғи өнімдермен жүргізілетін елдегі жалғыз мекеме – «Тау қымыз» шипажайы. Ондағы емдеудің негізгі әдісі – қымыз бен саумал терапиясы. Толығырақ алдағы сюжетте.