Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен Тараздағы «Mart» сауда орталығында ірі өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді. Іс-шараның мақсаты – шартты өрт туындаған жағдайда барлық жедел қызметтер мен ойын-сауық орталығы қызметкерлерінің іс-қимылдарын пысықтау болды.