Мемлекет тарапынан кәсіпкерлікке ынтасы бар азаматтарға қолдау жылдан-жылға артып келеді. Әсіресе, жұмыссыз жүрген немесе табысын арттыруды көздеген тұрғындар үшін бұл – өз ісін бастауға берілетін үлкен мүмкіндік. Осындай игі бастаманың бірі-қайтарымсыз мемлекеттік гранттар. Мұндай қолдауға Төлеби ауданының тұрғындары да ие болып, бүгінде кәсібін дөңгелетіп отыр.