Түркістан қаласында тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында профилактикалық іс-шара басталды. 1 қыркүйек пен 1 қараша аралығында «Учаске» акциясы аясында полиция қызметкерлері қала аумағында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Бұл шара құқық бұзушылықтардың алдын алып, полиция мен азаматтар арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған.