Түркістанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған ведомствоаралық деңгейде ден қою жүйесін жетілдіруге арналған семинар-тренинг өтті. Шараға отбасылық қолдау орталықтарының басшылары мен сала мамандары қатысты. Жиында зорлық-зомбылықтан зардап шеккен отбасыларға көрсетілетін қызмет стандарттары талқыланып, агрессорлармен жұмыс жүргізудің жаңа әдістері таныстырылды.