"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

Түрмеге заңсыз затты алып кірмек болған азаматша қолға түсті

1 min read

Тараздағы түзеу мекемелерінің біріне белгісіз затты алып кірмек болған азаматша қолға түсті. Заңбұзушылық ЖД-158/7 мекемесінде ағымдағы жылдың 17 қарашасында 14:40 шамасында келіп түскен жедел ақпарат бойынша   мекеменің режим бөлімінің қызметкері әділет сержанты Н.Досаеваның Тараз қаласы, Ұлбике ақын көшесі 2/2 тұрғыны 01.10.1978 ж. туылған, бұрын сотты болмаған, уақытша жұмыс істемейтін, ЖД-158/7 мекемесінде жазасын өтеп жатқан жолдасы сотталған 22.10.1984жылғы ҚР  ҚК 96б., 175т., 58б., 31т.-мен 13 жылға сотталған  Т.А.Ж.-га ұзақ мерзімді кездесуге келген азаматша М.З.К.-ны жіті тінту барысында оң жақ аяқ киімінің ішінен селофан пакеті анықталды, аталған пакеттің ішінен скочпен оралған қара қоңыр түсті, спецификалық иісі бар зат тәркіленді.

Аталған факт бойынша Жамбыл облысы бойынша Тараз қалалық Полиция департаментінің 1-полиция басқармасының жедел тергеу тобы шақыртылып ұсталған азаматша табысталды. Тәркіленген затқа сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Орын алған құқықбұзушылық бойынша тыйым салынған заттардың мекемеге ену арналарын анықтау мен жолын кесу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады. Сондықтан, түзеу мекемелерінде жазасын өтеуші жақындарына көмектеспек ниетте заңды бұзған азаматтар жауапкершілікке тартылатынын қатаң ескертеміз және заң алдында барлық адам бірдей жауап береді, -деді Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет полковнигі Рыспаев Нияз Қанатұлы.

 

 

ЖД-158/7 мекемесінің БАҚ

жауапты қызметкері

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *