Түркістан облысында соңғы үш жылда 1 миллион гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Атап айтқанда, 2022 жылы 520 мың гектардан астам, 2023 жылы 330 мың гектардан астам, ал 2024 жылдың өзінде 70 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер қайтарылған. Биыл жыл соңына дейін қосымша 110 мың гектар жер учаскесін мемлекетке қайтару жоспарланып отыр.