7 Сен 2025, Вс

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА 60 ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІ БЕРІЛДІ

Түркістан облысында жедел медициналық жәрдем қызметінің сапасын арттыру мақсатында 60 жаңа санитарлық автокөлік өңірдегі медициналық ұйымдарға табысталды. Жалпы құны 4,2 миллиард теңгеден асатын заманауи көліктер озық медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтылған.