30 Июл 2025, Ср

ТҮРКІСТАН МӘДЕНИЕТІНІҢ МӘРТЕБЕСІ ТАҒЫ ДА БИІКТЕДІ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» ұлттық салт-дәстүр мен отбасы құндылықтарын дәріптейтін «Абысын-ажын» атты облыстық байқау өтті. Шараны «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы бойынша филиалы мен Шардара аудандық «Арулар» әйелдер кеңесі ұйымдастырған.