Түркістан облысында шетелдік әріптестермен бірқатар маңызды кездесулер өтті. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Молдова Республикасының елшісімен және халықаралық компания өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Жиын барысында аймақтың инвестициялық әлеуеті мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдары талқыланды.