ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев Түркістан облысындағы базарларды аралады. Сапар ЭКО базардан басталды, кейін «Жауғашты» мен «Қуаныш» базарларына барды. Әрбір нысанда қауіпсіздік, сауда орындары мен кәсіпкерлерге жасалған жағдайлар зерделенді.