Бүгін Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, қала әкімдігі мен прокуратура органдарының ұйымдастыруымен «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. Шараның басты мақсаты – азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ билік пен халық арасындағы өзара сенімге негізделген ашық диалог орнату.
