Түркістанда «Turkistan World Craft Fest-2025» халықаралық фестивалі өтті. Бұл шеберлер форумы Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай және Ресейден жүзге жуық қатысушыны, сондай-ақ Қазақстанның барлық өңірлерінен үш жүзге жуық қолөнершіні жинады. Тараздық шеберлер фестивальдің құрметті қонақтары болды. Делегацияны қала әкімі Бақытжан Орынбеков бастап келді