14 Окт 2025, Вт

ТҮРКІСТАНДА ТЖ МИНИСТРЛІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ФУТБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ

Түркістан қаласында Төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен Құтқарушылар күні мен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына арналған кіші футболдан ашық турнир өтті. Бұл спорттық дода марқұм болған әріптестерді еске алу және құтқарушылардың ерен еңбегін ұлықтау мақсатында ұйымдастырылды.