Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асып жатқан «Қазақ–Қазақстан экологиялық бағдарламасы» аясындағы жұмыстар тұрақты бақылауда. Өткен аптада өңір бойынша 200-ден астам тазалық шарасы ұйымдастырылып, оған 57 мыңнан астам тұрғын қатысты. Нәтижесінде 177 тоннадан астам қоқыс шығарылып, облыс елді мекендерінде санитарлық тазалық жұмыстары күшейтілді.