Түркістанда қаласында медицина саласының мамандарына арналған тағылымды семинар өтті. Шараның басты мақсаты – медицина қызметкерлері арасында ұлттық және рухани құндылықтарды насихаттау, қоғамда рухани тұрақтылықты сақтау және деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру болды. Жиынды Түркістан облысының Дін істері басқармасы мен облыстық Денсаулық сақтау басқармасы бірлесіп ұйымдастырды.