23 Авг 2025, Сб

ТҮРКІСТАНДА КОММУНАЛДЫҚ САЛА ӨКІЛДЕРІНЕ ЖАҢА ТЕХНИКАЛАР ТАПСЫРЫЛДЫ

Салтанатты шарада облыс әкімі бірқатар еңбек озаттарына Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің «Еңбек ардагері», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» төсбелгілерін, сондай-ақ министрдің Құрмет грамотасын табыс етті. Бұған қоса, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішев ерекше еңбегімен көзге түскен азаматтарға министрдің Алғыс хатын табыстады.