Түркістан қаласында Еңбек күніне арналған «Адал азамат – адал еңбек» атты салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиында еңбек адамын ұлықтау, олардың қоғамдағы мәртебесін көтеру басты назарға алынды. Шараға облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысып, еңбек құндылығы мен оның ел дамуына қосар үлесі жөнінде ой қозғады.