Түркістанда өңірдің барлық деңгейіндегі мәслихат депутаттары арасында кіші футболдан облыстық біріншілік басталды. Жарыстың ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішев қатысып, спортшыларды құттықтады. Бұл сайыс – салауатты өмір салтын насихаттап, депутаттар арасындағы ынтымақ пен достықты арттыруға бағытталған маңызды шара.