6 Авг 2025, Ср

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАЗҒЫ БАССЕЙНДЕ ЖАТТЫҒУ ҚЫЗУ ЖҮРІП ЖАТЫР

Түркістан қаласындағы жазғы жүзу бассейні – балалар мен жасөспірімдер үшін ең қолайлы әрі пайдалы демалыс орындарының бірі. Бүгінде мұнда 150-ге жуық бала тұрақты түрде жүзумен айналысып жүр. Олардың қатарында 10 жастағы Дүйсенбай Асылмұрат та бар. Ол бұл бассейнге қатысып жүргеніне екі айдан асты. Жаттықтырушысының айтуынша, жас спортшы үздік нәтижеге жетіп келеді.