https://www.instagram.com/reel/DMr9H7Ft11F/?igsh=M3NzNHRhcDBhYmdp
Қаланың түнгі шымылдығы түрілген сәттен бастап, тәртіп сақшылары мен сала мамандарының жұмысы қыза түсті. 27 шілдеден бері еліміздің барлық өңірінде өтіп жатқан республикалық «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы – жай ғана рейд емес, қоғамның болашағына алаңдаудың айғағы.
Шара барысында Қызылорда қаласында да бақылау күшейтіліп, түнгі рейдке полиция қызметкерлерімен бірге білім, денсаулық, қоғамдық даму басқармаларының мамандары, жастар ресурстық орталығының өкілдері, БАҚ тілшілері қатысты. Екі күн ішінде жасөспірімдерге қатысты 305 түрлі әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл – бейжай қарайтын көрсеткіш емес. Қадағалаусыз қалған 8 жас жеткіншек кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілсе, ішкі істер органдарының есебіне 15 бала алынды. Ал, баласының тағдырына салғырт қараған 23 ата-ана ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылды. Түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында жүрген 4 бала мен оларды кіргізуге жол берген мекемелер де назардан тыс қалмады.