3 Июн 2025, Вт

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА МҮГЕДЕКТІГІ БАР ЖАНДАРҒА ҚОЛДАУ КҮШЕЙГЕН

Түлкібас ауданында мүгедектігі бар жандарға көрсетілетін қолдау күн санап артып келеді. Мемлекет тарапынан ғана емес, жергілікті әкімдік пен қоғамдық ұйымдардың үйлесімді жұмысы нәтижесінде бұл санаттағы азаматтарға өмір сүру мен еңбек етуге қолайлы жағдай жасалуда. Қоғамда мұқтаж жандарға жағдай жасау – өркениеттілік пен жанашырлықтың белгісі.