Түлкібас ауданында мектеп түлектерінің бастамасымен жүзеге асып келе жатқан қайырымдылық дәстүрі биыл да жалғасын тапты. Осыдан 20 жыл бұрын Түлкібастың білім ошағынан түлеп ұшқан азаматтар бас біріктіріп, әлеуметтік жағдайы төмен жас отбасыға аудан орталығынан кең әрі жайлы баспана тарту етті.