6 Июн 2025, Пт

ТІРЕГІ — ТӨЗІМ, ТҰҒЫРЫ — ЕҢБЕК: МҮГЕДЕКТІГІ БАР ЖАНДАРҒА ҚОЛДАУ

Шардара ауданында мүгедектігі бар азаматтарға арналған әлеуметтік қолдау шаралары тұрақты түрде жүзеге асып келеді. Соның бірі – «Шардара аудандық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі. Бұл ұйымның басты мақсаты — мүгедектігі бар азаматтардың құқығын қорғау, өмір сүру сапасын арттыру және олардың қоғаммен біте қайнасып өмір сүруіне мүмкіндік беру.