Түркістанда Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында және Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Тіл шебері» республикалық байқауы өтті. Шараға еліміздің 15 өңірінен іріктеліп келген мемлекеттік қызметшілер қатысты. Байқау қорытындысы бойынша үздік қатысушылар марапатталып, ынталандыру сыйлықтары табысталды.