21 Окт 2025, Вт

ТЫҢ ЖОБАЛАР МЕН ЖАҢА ИДЕЯЛАРҒА ТОЛЫ ЖАСТАР

Инновациялар, тұрақтылық және болашақ! Қызылорда қаласында осы тақырыптарда интеллектуалды агрохакатон өтті. Іс-шара тұрақты даму, жасанды интеллект және автоматтандыру мәселелеріне арналып отыр. «Ауыл» партиясы мен «Acapedia» компаниясы бірлесіп ұйымдастырған марафон мектеп оқушылары, колледж және жоғарғы оқу орындарын біріктірді. Айта кетейік бұл шара еліміздің барлық өңірлерінде бір мезетте өтіп жатыр.