30 Июл 2025, Ср

ТУРИСТІК НЫСАНДАРДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ТАЗАЛЫҚ – БАСТЫ БАҚЫЛАУДА

Түркістан облысында демалыс орындарының қауіпсіздігі мен санитарлық тазалығына қатысты бақылау күшейтілді. Бұл туралы облыс әкімінің қатысуымен өткен апталық аппарат жиынында айтылды. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров туристік инфрақұрылымды жақсартуға қатысты нақты тапсырмалар берді.