Туристер Венецияға орала бастады | Шетелдік БАҚ
1 min read– Туристер Венецияға орала бастады. Италияның ең танымал қалаларының бірінде аптаның жұмыс күндерінде әзірге карантин кезіндегідей тыныштық, деп жазады The Wall Street Journal.
– Британдық мектептер мектеп асханаларында бет-жүзін тану жүйесін қолдана бастайды. Осы аптаның басында Солтүстік Эйрширдегі тоғыз мектеп оқушылардың бетін сканерлеу арқылы мектептегі тамақтану ақысын қабылдай бастады, деп хабарлайды Financial Times.
– Әлемдегі ең ірі супермаркеттер желісі 7-Eleven сатып алушылардың биометриялық мәліметтерін заңсыз жинады, деп хабарлайды Guardian.
– Ұлыбританияның Кардифф қаласында көше тазалау қызметі суретшілердің туындысын абайсызда жоқ қылды. ВВС телеарнасы коммуналдық қызмет бұрынғы дүкен ғимаратының үш бағанын түгелдей сырлап тастады деп хабарлайды.