14 Окт 2025, Вт

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТЫ МЕҢГЕРГЕН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ

Қазіргі таңда мектеп оқушылары арасында ұлттық ойындарға деген қызығушылық артып келеді. Соның ішінде тоғызқұмалақ — оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, зейінін арттыратын ерекше зияткерлік ойын ретінде кеңінен таралуда. Бұл ойын тек ермек қана емес, ой-сананы тәрбиелейтін, шыдамдылық пен табандылыққа баулитын маңызды құрал болып отыр.